Бағаланбай қалған батырлар: Аманша МЕҢДІҒАЛИЕВ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіс күні қарсаңында «ҚазАқпарат» ХАА есімі ұмыт қалған Кеңес Одағының Батырлары туралы материалдар жариялайды. Материалдарды жариялауға «Бағаланбай қалған батырлар» жинағының авторы Берік Әбдіғалиұлы көмек көрсетті.

Берік Әбдіғалиұлының атап өтуінше, бұл жинақта сөз қозғалатын батырлардың есімі жалпақ жұртқа мәлім емес. Олардың атымен аталған көше немесе мектептер жоқ. Қан майданда ерлік көрсеткенін жанындағы жолдастары көрсе де, штаб және партия басшылығы оларды мойындамаған. Біздің міндетіміз - бағаланбай қалған батырлар жайында келешек ұрпаққа әңгімелеп беру.

Аманша МЕҢДІҒАЛИЕВ  - 1918 жылы 18 тамызда БҚО Орда ауданы Сайқын ауылында дүниеге келген.

1941 жылы әскер қатарына алынып, Алматыда құрылған 316-атқыштар дивизиясының 1077 полкінің құрамында майданға аттанады. 1942 жылы ауыр жарақаттанып, госпитальде емделіп шыққан соң 1943 жылы күзде Чкалов танк училищесіне оқуға жіберіледі. Училищені бітірген соң 1-ші гаврдиялық танк армиясының 362-ші өздігінен жүретін артполкінде взвод командирі болады.  Гвардия кіші лейтенанты А. Меңдіғалиев Қызыл Жұлдыз, Қызыл Ту ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Берлинді алу кезіндегі ерлігі үшін артполк командирі А. Меңдіғалиевті Кеңес одағының батыры атағына ұсынған. Бірақ 11-ші гвардиялық танк корпусының командирі полковник А. Меңдіғалиевті екінші мәрте Қызыл Ту орденімен марапаттау туралы шешім шығарады.

А. Меңдіғалиев 1946 жылы елге оралып, түрлі басшылық қызметтерде еңбек етеді. 

 

Соңғы жаңалықтар