+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Бағаланбай қалған батырлар: Әбен АХМЕТОВ

2017 жылғы 7 мамыр 07:13
Бөлісіңіз:
Бағаланбай қалған батырлар: Әбен АХМЕТОВ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіс күні қарсаңында «ҚазАқпарат» ХАА есімі ұмыт қалған Кеңес Одағының Батырлары туралы материалдар жариялайды. Материалдарды жариялауға «Бағаланбай қалған батырлар» жинағының авторы Берік Әбдіғалиұлы көмек көрсетті.



Берік Әбдіғалиұлының атап өтуінше, бұл жинақта сөз қозғалатын батырлардың есімі жалпақ жұртқа мәлім емес. Олардың атымен аталған көше немесе мектептер жоқ. Қан майданда ерлік көрсеткенін жанындағы жолдастары көрсе де, штаб және партия басшылығы оларды мойындамаған. Біздің міндетіміз - бағаланбай қалған батырлар жайында келешек ұрпаққа әңгімелеп беру.

Әбен АХМЕТОВ - 1916 жылы Алматы облысы Іле ауданының Байсерке ауылында дүниеге келген.

1939 жылы Фин соғысына алынады. Танк бөлімінде қызмет етіп, Берлинге дейін жеткен. 1945 жылы Фогельзенг селосын алуда көрсеткен ерлігі үшін 28-ші артиллерия дивизионының командирі гвардия майоры Айларов лейтенант Ә. Ахметовті Кеңес одағының батыры атағына ұсынғанымен, бұл атақ берілмеді. 1945 жылы елге оралып, 1976 жылы дүниеден өтті.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT