Бағаға бақылау жүргізетін негізгі мемлекеттік орган айқындалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шектеу қойылған кепілдіктегі активтерді экономикалық айналымға қайтару туралы заң жобасы әзірленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, Президент Жолдауын іске асыру жалпыұлттық жоспарының бірінші бағытында 27 іс-шараны іске асыру көзделген.

«Кәсіпкерлікті дамыту үшін «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларын 2022 жылы іске асыру жалғасатын болады. Жалпы алғанда, қаржыландыру көлемі кемінде 1 трлн теңгені құрайды. Мемлекет қаржысының тиімділігін арттыру мақсатында Мемлекет қаржысын басқару тұжырымдамасы әзірленеді. Тұжырымдама бюджет саясатын, мемлекеттік борышты басқару, сондай-ақ Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану мәселелерін қамтиды. «Өндірушіден тұтынушыға дейін» тізбегі бойынша бағаларды бірыңғай бақылау үшін негізгі мемлекеттік орган айқындалатын болады», - деді ол.

Ә.Ерғалиевтің атап өтуінше, «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» Заң әзірленеді. Ауыл шаруашылығында субсидиялау тетіктерін ұзақ мерзімге бекіту де көзделіп отыр.

«Цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маманын даярлау, цифрлық саладағы қызметтер мен тауарлардың экспортын 2025 жылға қарай кемінде 500 миллион долларға дейін жеткізу жоспарлануда. Инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсету мақсатында Ұлттық геологиялық қызмет құрылады. Шектеу қойылған кепілдіктегі активтерді экономикалық айналымға қайтару туралы заң жобасы әзірленеді. Отандық өнеркәсіп үшін шикізат тауарлар бағасының қолжетімділігін және көлемінің жеткіліктілігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар дайындалады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар