Баға саясаты жолаушы мүддесіне емес, әуекомпанияның табысын арттыруға жұмыс істеп отыр – Үкімет басшысы

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қазіргі баға саясаты жолаушылардың мүддесіне емес, авиакомпаниялардың табысын арттыру үшін жұмыс істеп отыр деп санайды. Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астанадан Алматыға дейін лоукостермен 1,5 сағаттық ұшу - Еуропа, АҚШ немесе Қытай елдеріндегі осындай маршруттармен салыстырғанда 2 есе қымбат болуы мүмкін. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қазіргі баға саясаты жолаушылардың мүддесіне емес, авиакомпаниялардың табысын арттыру үшін жұмыс істеп отыр деп санайды. Бүгінде жанармай шығындарын өтеуге жұмсалатын отын алымы логика бойынша авиаотын бағасының өзгеруіне байланысты болуы тиіс. Алайда, ол билет бағасында өзгеріссіз, бір деңгейде қалып отыр. Сондықтан, баға саясатын қайта қарап, авиатасымал сервисі мен қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін үнемі жұмыс істеу керек», - деп тапсырма жүктеді Премьер- Министр.

Сондай-ақ, Премьер-Министр Әлихан Смайылов әуежайлардың айналасындағы жерлер ретсіз пайдаланылып жатқанын айтып, жауапты органдарды сынға алды.


Соңғы жаңалықтар