BAFTA киножүлдесі номинанттарының тізімі жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық киноакадемия өз сайтында жыл сайын өткізілетін BAFTA киножүлдесі номинанттарының тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жүлдені табыстау рәсімі 10 ақпанға белгіленген.

Үздік фильм атауына Спай Лидің «Қара кландық», Йоргос Лантимостың «Сүйікті», Питер Фаррелидің «Жасыл кітап», Альфонсо Куаронның «Рома» және Брэдли Купердің «Жұлдыз жанды» фильмдері үміткер болып отыр.

«Сүйікті» фильмі номинациялар саны бойынша көш бастаған - ол 12 категориядағы жүлделерге, соның ішінде сценарий, режиссерлік және операторлық жұмыс, монтаж, костюмдер дизайны, қоюшы суретшінің жұмысы үшін үміткер болып отыр. Сондай-ақ бұл картина басты әйел рөліндегі үздік актриса және екінші пландағы үздік актриса рөлі үшін де таласпақ. Соңғы категорияда бірден екі актриса - Рейчел Вайс пен Эмма Стоун ұсынылып отыр.

Соңғы жаңалықтар