Бадминтоншылар Моңғолияда үш медаль жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Моңғолия астанасы Ұланбатырда өткен бадминтоннан Mongolia International Series-2018 халықаралық турнирінде Қазақстан спортшылары үш қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, аталған додада алғашқы қола медальді жекелей сында Дмитрий Панарин жеңіп алды. 

Екінші қола медальға жұптасып өнер көрсетуден Артур Ниязов пен Панарин қол жеткізсе, үшінші жүлдені Айша Жұмабек ресейлік Анастасия Пустинскоймен бірге әйелдер арасындағы жұптық сында жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар