+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Бадам өзенінен 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды - Шымкент

2020 жылғы 1 маусым 01:07
Бөлісіңіз:
Бадам өзенінен 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды - Шымкент

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте Бадам өзенінен жас жігіттің мәйіті табылды. Марқұмның тұлғасын анықтау барысында оның 17 жастағы жасөспірім екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркиядағы фейерверк фабрикасында жарылыс болды Шымкентте түнгі тыныштықты бұзған мас қыздар жауапқа тартылды Жеңіл көлік Павлодардағы сот ғимаратына соғылды

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай кеше түс ауа сағат 16:23-де орын алған. Тұрғындар Бадам өзенінен жас жігіттің мәйіті табылғанын хабарлаған. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының 3 адамы мен 1 техникасы, Абай аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері, 20 тәртіп сақшысы мен 6 техникасы, жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылған.

Кейіннен марқұмның қалаға қонаққа келген Төлеби ауданы, Ленгір қаласының тұрғыны екені белгілі болған. Алдын ала болжам бойынша ол байқаусызда суға құлап кеткен. Төтенше жағдай қызметкерлері ауа райының ыстық болуына байланысты тауларда қардың қарқынды еруі жүріп, Бадам өзенінде су көлемі көбейіп отырғанын айтады. Қазір өзендегі судың тереңдігі 2 метрге, ені 40 метрге жеткен.

Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтау жұмыстарын жүргізуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT