Бабақұмаров: Медұйымдардағы қадағалаушы кеңестердің жұмыс тиімділігін арттыру керек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров медицина ұйымдарыың қадағалаушы кеңес төрағаларымен, бас дәрігерлермен корпоративті басқару және менеджмент деңгейін көтеру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Отырыста өткен жылдың қорытындысы шығарылды, сондай-ақ Алматыдағы 63 медицина ұйымында құрылған қадағалаушы кеңес қызметінің осал жақтары қаралды.
Ержан Бабақұмаров бірқатар бағыт бойынша қадағалаушы кеңестердің жұмысын күшейтіп, сапасын арттыруды тапсырды. Бұл менеджменттің ашықтығын, ішкі қадағалауды және тәуекелдерді басқаруды жақсартады.
Қадағалаушы кеңестердің міндеті медицина ұйымдарының қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру. Осыған байланысты стратегиялық жоспарлау, бюджеттеу және шығын жүйелерінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, сондай-ақ корпоративтік басқару қағидаттарын кеңейтуге ерекше назар аудару қажет.
Қадағалаушы кеңестердің жұмысын жақсарту және ынталандыру үшін қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров олардың корпоративті басқаруға қосқан үлестерін дер кезінде бағалауды тапсырды.
- Коронавирус: 500-ге жуық қазақстандық шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келді
- Коронавирус: 53 науқастың жағдайы өте ауыр – министрлік
- Коронавирус пневмониясына тағы 51 адам шалдықты
- 8 наурыз мерекесіне орай қазақстандықтар неше күн демалады
-
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты жабылған жолдар ашылды
-
Ерлан Қарин Ұлттық кеңес отырысында көтерілген ең негізгі бастамаларды атады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам