БАӘ Сирия мен Түркияға гуманитарлық көмек көрсетеді

None
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат – Біріккен Араб Әмірліктері Сирия мен Түркияға гуманитарлық көмек көрсетпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазАқпарат WAM агенттігіне сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні таңертең болған, күшті жер сілкінісі салдарынан Түркия мен Сирияда мыңдаған адам құрбан болып, қаншама адам жарақат алды, қалалар бүлініп, ғимараттар қирады.

Осыған байланысты БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның тапсырмасы бойынша, елдің Қорғаныс министрлігінің жедел қолбасшылығы Сирия мен Түркия халықтарына көмек көрсету операциясы басталғанын хабарлады.

Осы операция аясында елдің Қарулы Күштері, Ішкі істер, Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрліктері, Халифа бен Заид Әл Нахаян қоры және БАӘ Қызыл Жарты ай ұйымы гуманитарлық және медициналық көмек көрсетеді.

«Әбу-Дабиден іздестіру-құтқару топтары, бригадалар және медициналық жабдықтары бар ұшақ Түркияның оңтүстігіндегі Адана әуежайына ұшып кетті»,-делінген хабарламада.

Бұдан бөлек БАӘ вице-президенті және премьер-министрі сондай-ақ Дубай әміршісі шейх Мохаммед бин Рашид Аль Мактум құны 50 миллион дирхем болатын (13,5 млн-нан астам АҚШ доллар) гуманитарлық көмекті қуатты зілзаладан зардап шеккен Сирия халқына жібермек.

БАӘ сириялықтарды олардың басына төнген қиындықтарды еңсергенше көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Фото: khaleejtimes.com


Соңғы жаңалықтар