БАӘ Рамазан айында туристерге бір күн ораза ұстауды ұсынады

None
None
АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Рамазан айында Біріккен Араб Әмірліктеріне туристер көбінесе кәрі құрлықтан немесе Парсы шығанағы елдерінен келеді.

Осыған байланысты Дубайдың сауда-саттық және фестивальдер ведомствосы арнайы бағдарлама қабылдады. Аталмыш бағдарламаға орай сырттан келген қонақтар Әмірліктердің мәдени және рухани мұраларымен әрі құндылықтарымен танысатын болады. Ведомствоның атқарушы директоры Лейла Сухайлдің хабарлағанындай, биылғы жылы «Дубайдағы Рамазан айы» деп аталатын бағдарлама осымен үшінші рет өтіп отыр. Бұл туралы Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайты muslim.kz жазады.

Меймандар дәстүрге айналған ислам өнерінің көрмесін, сауда-саттықты және жәрмеңкені тамашалап қана қоймай, қасиетті Құран курсына қатыса алады. Сондай-ақ, «Рашидийя» мешітінде тарауық намазы кезінде уағыз тыңдай алады. Ал Рамазан айының 19-шы күні наным-сенімі өзге адамдарға бір күн ораза ұстап көру жөнінде ұсыныс айтылады.

Соңғы жаңалықтар