БАӘ мен Қазақстан арасындағы «ашық аспан» режимі 2027 жылдың соңына дейін ұзартылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БАӘ мен Қазақстан арасындағы «ашық аспан» режимін 2027 жылдың соңына дейін ұзарту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми іссапары барысында 2023 жылғы 17 қаңтарда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі М. Қарабаев пен экономика министрі - БАӘ Азаматтық авиация бас басқармасының төрағасы ҚР-да ұшуларды орындау кезінде «ашық аспан» режимін 2027 жылдың соңына дейін ұзарту туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Сондай-ақ, қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде БАӘ тарапынан жаңа әуе тасымалдаушылары тағайындалды (Wizz Air Abu Dhabi, Air Arabia Abu Dhabi).

Жалпы, тараптар азаматтық авиация саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Әуе тасымалы саласындағы құқықтарды кеңейту ҚР мен БАӘ арасындағы сауда - экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өту маңызды.


Соңғы жаңалықтар