БАӘ мен Израиль қатынастарды реттеу туралы келісімге қол қояды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 15 қыркүйекте АҚШ президенті Дональд Трамп Біріккен Араб Әмірліктері мен Израиль арасында келісімге қол қою рәсімін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Middle East Monitor-ға сілтеме жасап.

Ақ үйдегі жоғары лауазымды шенеуніктің айтуынша, делегацияларды Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен БАӘ Сыртқы істер министрі, шейх Абдолла бен Зайед әл-Нахайян басқарады.

Бұл ретте Дональд Трамп пен американдық әкімшіліктің басқа ресми тұлғалары Сауд Арабиясы мен басқа елдер Әмірліктер жолына түсетінін күтіп отыр.

Еске сала кетсек, 13 тамызда БАӘ мен Израиль алдағы уақытта елдер арасында қатынастарды реттеу туралы келісімге қол қою ниеті туралы хабарлады. АҚШ президенті Д.Трамп бұны «біздің екі ұлы достарымыз арасындағы тарихи бейбіт келісім» деп сипаттап, «үлкен ілгерілеу» деп атаған.

Палестина әкімшілігі бұған жауап ретінде келісімді қабыл алмай, наразылық ретінде Әбу-Дабидегі Елшісін қайтарып алды. Бұған дейін Израильдің Таяу Шығыс елдері арасында тек Мысыр және Иорданиямен ғана бейбіт келісімдері болған.


Соңғы жаңалықтар