+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

БАӘ Қазақстанға 13 тоннаға жуық гуманитарлық жүк жіберді

2020 жылғы 6 сәуір 20:34
Бөлісіңіз:
БАӘ Қазақстанға 13 тоннаға жуық гуманитарлық жүк жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанға коронавируспен күрес үшін 13 тоннаға жуық гуманитарлық жүк жіберді. Арнайы жүк тиелген ұшақ бүгін елорда әуежайына қонып, оны ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қабылдап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің сұранысымызбен бұл жүктің келетіндігі осыдан бір апта бұрын белгілі болған еді. Жалпы, Әмірліктерге ғана емес, барлық мемлекетке еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған тізімге сәйкес қажетті медициналық заттар бойынша гуманитарлық көмек сұрап, хат жолдаған едік. Араб елдерінің ішінен ең бірінші болып Біріккен Араб Әмірліктері гуманитарлық көмегін жіберіп отыр. Гуманитарлық көмекте қолға киетін қолғаптар, медициналық маскалар, бахилалар, антисептиктер, бірреттік үстіге киетін арнайы киімдер бар. Жүктің жалпы салмағы 13 тоннаға жуықтайды. Бұл - Әмірліктер Үкіметінің

Қазақстанға деген ізгілік көмегі», - деді БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Ержан Мұқаш.

Оның айтуынша, бұған дейін Қазақстанға Түркиядан, Қытайдан, Жапониядан, Оңтүстік Кореядан гуманитарлық көмек келген. Елімізден де гуманитарлық көмек сұрап отырған мемлекет бар. Оларға көмек көрсету мәселесін алдағы уақытта ел Үкіметі шешетін болады.

«Мәселен, бізден Ауғанстан мен Иран елдері гуманитарлық көмек сұрап отыр. Жалпы, медициналық заттарға ғана емес, азық-түлікке де мұқтаж болып отырған елдер бар», - деді ол.

Әмірліктердің бізге жеткізген гуманитарлық жүгін қабылдап алу шарасына осы елдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохаммад Ахмад Сұлтан Эсса Альджабер де арнайы келіп қатысты.

«Өздеріңіз де Әбу-Дабиден шамамен 13 тонна жүк тиелген медициналық қорғаныс заттары бар ұшақтың келгеніне куә болдыңыздар. Бұл екі елдің және мемлекет басшыларының арасындағы жылы қарым-қатынастың, сонымен қатар коронавирус індетімен бірлесе күресу шараларының арқасында жүргізіліп жатыр. Бүгінде әлем осы індеттен зардап шегіп отыр. Бұл қиындықтарды да еңсереміз. Ал қазір, ең бастысы, Үкімет енгізген ережелерді сақтап, үйде отыруымыз керек», - деді БАӘ Елшісі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT