+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

БАӘ инвесторларына құны 5,2 млрд доллар болатын жобалар ұсынылды

2020 жылғы 11 желтоқсан 12:58
Бөлісіңіз:
БАӘ инвесторларына құны 5,2 млрд доллар болатын жобалар ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі Агенттік төрағасының орынбасары Ж. Мәдиев бастаған қазақстандық делегация Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанға қай елдерден ең көп инвестиция тартылды Қазақстанның жаңа инвестициялық саясатының тұжырымдамасы әзірленіп жатыр Шикізаттық емес секторлар инвестициялық белсенділіктің локомотивіне айналды - министрлік

Делегация құрамына Ұлттық экономика Вице-министрі М.Юсупов, Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Н. Дайырбеков, «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ өкілдері кірді.

Сапар аясында БАӘ-нің энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл Әл-Мазруимен, Абу Даби Әмірлігінің Сауда-Өнеркәсіп палатасының басшылығымен, «Mubadala», «ADQ», «AbuDhabiInvestmentAuthority», Абу Даби бағалы қағаздар биржасы және «AbuDhabiGlobalMarket» халықаралық қаржылық еркін аймағы сияқты БАӘ ірі инвестициялық қорлары мен қаржы ұйымдарының бірінші тұлғаларымен жеке екіжақты кездесулер өтті.

Сапар ҚР Премьер-министрі А. Маминнің келесі жылдың қазан айында БАӘ-не жұмыс сапары барысында қол қойылған ҚР үкіметтері мен БАӘ инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі меморандумды іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Жоғарыда аталған инвестициялық және қаржы ұйымдарымен келіссөздер барысында елде жүргізіліп жатқан реформалар, атап айтқанда, заңнамалық шарттардың тұрақтылығын және преференциялардың кең пакетін беруді көздейтін стратегиялық инвестициялық келісім шеңберінде ірі инвестициялық жобаларды қолдаудың жаңа құралдары ұсынылды.

Келіссөздер барысында тараптар экономиканың негізгі секторларында қосылған құны жоғары және экспорттық әлеуеті жоғары жаңа өндірістер құруды көздейтін, сомасы 5 миллиард АҚШ долларынан асатын инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын қарастырды.

Осылайша, келіссөздер барысында араб инвесторларына шамамен 1,5 миллиард АҚШ доллары сомасына АӨК саласындағы жобалар ұсынылды.

Ұсынылған жобалар БАӘ-нің 2051 жылға дейінгі азық-түлік қауіпсіздігінің қабылданған стратегиясы шеңберінде негізгі азық-түлік тауарлары тобына енгізілген жоғары сапалы өнім өндіруге бағытталғанын атап өткен жөн. Жобаларды бірлесіп іске асыру Қазақстанға БАӘ жүзеге асырып жатқан азық-түлік қауіпсіздігі стратегиясының маңызды буынына айналуға мүмкіндік береді және екі ел арасындағы тауар айналымын одан әрі арттыруға ықпал ететін болады.

Сонымен қатар, бірлескен жобаларды іске асырудың, Әмірліктер тарапының қазақстандық нарықта қатысуын кеңейтудің неғұрлым перспективалы бағыттары айқындалды және тау-кен өндіру, мұнай-газ химиясы, агроөнеркәсіптік және фармацевтикалық салалардағы өзара іс-қимылды дамыту жөніндегі одан арғы қадамдар туралы пікір алмасылды.

Қазақстандық делегацияның жұмыс сапары қазақстандық экономиканың басым салаларына шетелдік инвестицияларды тарту және қазақстандық тауарлардың экспортын шетелдік нарықтарға жылжыту жөніндегі міндеттер аясында өтті. Жалпы, Әмірліктер бизнесі біздің елмен сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды тереңдетуге өзінің дайындығы мен мүдделілігін көрсетіп отырғанын атап өткен жөн.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT