+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

БАӘ-інде туристерді тегін вакциналау басталды

2021 жылғы 23 маусым 12:05
Бөлісіңіз:
БАӘ-інде туристерді тегін вакциналау басталды

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат – Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) туристерді коронавирустан тегін вакциналау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Көп қызметкері вакцина алған ұйымдарға келуші санын көбейтуге рұқсат беріледі Коронавируске қарсы вакцинаның І компонентін салдырған адам саны 5 230 750-ге жетті Әлем елдері вакциналауды қалай міндеттеп жатыр

Әмірліктер астанасы Әбу-Дабиге келіп жатқан туристерге коронавирусқа қарсы Sinopharm және Pfizer-BioNTech препараттарын тегін сала бастады. Бұған дейін бұл вакциналар тек БАӘ азаматтары мен елде тұруға ықтиярхаты бар адамдар үшін ғана қолжетімді болған.

Abu Dhabi Health Services Company (SEHA) компаниясының мәліметінше, COVID-19 вирусына қарсы тегін вакцина алуға Әбу-Даби қаласынан визалар берілген туристер мен туристік визаны алуға рұқсаты бар төлқұжат иелерінің құқылы.

Әмірліктерде тұруға құқығы бар құжат немесе мерзімі өтіп кеткен көшпелі визалардың иелері де Әбу-Дабиде тегін вакцина салдырта алады.

Бұл ретте бұл өзгерістің Дубай қаласы мен БАӘ-нің басқа бес әмірліктерінде енгізілу не енгізілмеуі нақтыланбай отыр.

Қазіргі кезде Әбу-Даби қаласына кіруге шектеу қойылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT