БАӘ-ден тағы 116 қазақстандық елге оралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сегіз күні ішінде Біріккен Араб Әмірліктерінен 800 қазақстандық елге оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
«COVID-19 пандемиясына байланысты БАӘ халықаралық әуе рейстерінің көпшілігін уақытша тоқтатты. Сондай-ақ, елде дезинфекциялау шараларына байланысты автокөлік қозғалысы шектелді. Осыған орай, 20-28 наурыз аралығында Қазақстанның БАӘ-дегі Елшілігі, Дубайдағы Бас консулдығы және Әмірліктердің мемлекеттік органдарының көмегімен Қазақстанға 801 отандасымыз қайтарылды», - деді министрліктен.
Мәлім етілгендей, бүгін «Air Astana» әуекомпаниясының чартерлік рейсімен Дубай – Алматы бағыты бойынша 116 қазақстандық оралды.
«Біздің дипломаттарымыздың күшімен үйге оралуды қажет ететін азаматтарымыз осы рейске қосымша отырғызылды», - деп қосты ведомстводан.
- 1 445 науқас коронавирустан жазылып кетті
- Қазақстанда бір күнде 1266 адамнан коронавирус табылды
- Атырауда коронавирус вакцинасын салу үшін 22 емханадан орын дайындалды
- Атырау облысына «Спутник V» вакцинасының 1 мың дозасы әкелінеді
-
Ақпан айында Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы вакцина егу басталады
-
ҚР СІМ басшысы Украина Елшісін қабылдады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам