БАӘ-де Сауд Арабиясы королінің қазасына байланысты үш күн аза тұтылады

None
None
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Халифа бен Зайед Әл Нахайян мұсылмандардың екі киелі орнын сақтаушы - Сауд Арабиясының королі Абдулла ибн Әбдел Әзиздің өліміне байланысты үш күн аза тұтуды әмір етті.

«Біз өз халқына көп қызмет етіп, шын жүректен мұсылмандардың мүддесін қорғаған араб әлеміндегі ең танымал көшбасшылардың бірін жоқтап отырмыз. Алла Тағаладан оның жанын жәннәтқа жіберуді тілейміз», - деді ол. БАӘ-нің президенті үш күнді азалы күн деп жариялады. Бұл күндері елдегі барлық үкіметтік ғимараттарда, Әмірліктердің шетелдегі барлық Елшіліктері мен дипломатиялық миссияларында мемлекеттік тулар түсіріледі. Сондай-ақ, шейх Халифа бен Зайед Әл Нахайян бүгін ақшам намазынан кейін елдің барлық мешіттерінде оның рухына дұға бағыштауды бұйырды. Сауд басшысының өліміне байланысты осындай рәсімдерді араб әлемінің басқа да елдері жасап жатыр. Иорданияда 40 күн аза тұтылмақ. Мысыр президенті Әбдел Фаттах Әл-Сиси өзінің шетелге сапарын тоқтатып, Эр-Риядқа ұшып шықты.

Соңғы жаңалықтар