БАӘ-де Қазақстан паспортын 30 күн ішінде ресімдеуге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - БАӘ-де жүрген Қазақстан азаматтары ұлттық паспортты Абу-Дабидегі ҚР Елшілігінде және Дубайдағы ҚР Бас консулдығында 30 күн ішінде ресімдей алады. Бұрын бұл процедура 80 күн алатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстанның сыртқы және ішкі істер министрліктері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде пилоттық режимде «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде құжаттандыру» тіркеу пункті» қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы қазақстандық азаматтарды электрондық құжаттандыруды енгізу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр», - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Айта кетсек, электрондық құжаттандыру жүйесі Қазақстанның АҚШ-тағы (Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско), Германиядағы (Берлин, Майндағы Франкфурт, Мюнхен, Ганновер), Жапониядағы (Токио), Корея Республикасындағы (Сеул), Өзбекстандағы (Ташкент) және Ресейдегі (Мәскеу) шетелдік мекемелерінде іске қосылған.

Еске салсақ, көші-қон қызметі төлқұжатта чиптің қандай мақсатпен қойылғанын түсіндірген еді.


Соңғы жаңалықтар