БАӘ-де бетперде тақпағандарға ауыр жаза қолданылмақ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі жабық жерде бетперде тақпаған адамдар үшін «ауыр жаза» қолданатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

ВАК мәліметіне сәйкес, БАӘ-дежабық жерде бетперде тақпағандарға өте көлемді айыппұл салынады. Бұл шешім коронавирус жұқтыру дерегінің екі есе өсуіне байланысты қабылданған.

«Сондай-ақ, Португалияда орташа есеппен бір миллион адамға шаққанда 1 989 жағдай тіркелген. Бұл Испанияға (232) және Ұлыбританияға (161) қарағанда әлдеқайда көп. Сырқаттанудың көбеюі туристік маусымға және шектеулердің алынып тасталуына сәйкес келеді», - делінеді ВАК хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар