+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

БАӘ астанасында ҚР Президенті мен Әбу-Даби ханзадасының кездесуі басталды

2020 жылғы 27 қаңтар 14:23
Бөлісіңіз:
БАӘ астанасында ҚР Президенті мен Әбу-Даби ханзадасының кездесуі басталды

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат – Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасындағы «Әл-Ватан» сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әбу-Даби ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның кездесуі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Еңбегімен ерекшеленген волонтерлер мемлекеттік наградаларға ұсынылады Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Ватан» Сарайындағы құрметті меймандар кітабына жазба қалдырды Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысын Әбу-Даби ханзадасы сарайдың есігінде өзі қарсы алды.

Құрметті қарауылдың қатысуымен өткен ресми кездесу барысында екі мемлекеттің әнұраны шырқалып, жоғары мәртебелі мейманның келу құрметіне орай артиллериялық қарудан 21 мәрте оқ атылды.

Делегация мүшелерін таныстырудан кейін тараптар келіссөздер бөлмесіне кетті.

Кездесу аясында тараптардың екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымдағы сұрақтарын талқылайтыны күтіліп отыр.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының ресми сапары аясында БАӘ-ның іскер ортасының өкілдерімен дөңгелек үстелдің өтетіні жоспарланған.

Ертең, яғни 28 қаңтарда Дубай қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Вице-президентімен, Премьер-министрімен, Дубай Әміршісімен, шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесіп, Дубай халықаралық қаржы орталығына (DIFC) барады. Сондай-ақ, Президент Біріккен Араб Әмірліктеріндегі компаниялардың басшыларымен кездеседі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келгені хабарланған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT