Бəйшешекті жұлсаңыз жауапқа тартыласыз

None
None
  ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бəйшешекті жұлсаңыз жауапқа тартыласыз. 

Алматы облысының полициясы тұрғындарға осындай ескерту жасауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда Жетісу жерінде аталған гүлдің саны күрт сиреген.

"Көктем келісімен бəйшешекке қызығатындар көбейеді. Заңнамаларға сəйкес, гүлдің бұл түрін жинауға тыйым салынады. Сондықтан өңірдің тəртіп сақшылары ерекше қорғалатын гүлге қамқорлық танытуды талап етуде", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Қазір облыс полицейлері жəне табиғатты қорғау мекемелерінің өкілдері   "Табиғат" алдын-алу шарасын өткізуде. Ол 6 сəуірге дейін жалғасады. Мұндай мақсатты рейдтер Жетісу өңірінің биологиялық əралуандығын сақтауға бағытталған. Үш күннің ішінде  табиғатты қорғау заңнамаларын бұзған 22 факті тіркелді. Оның біреуі бəйшешек жинаумен байланысты. Оқиға Талғар ауданында болған. Заңсыз гүл жинаған жергілікті  52 жастағы тұрғынның үстінен ҚР  ҚК 339-бабына сəйкес қылмыстық өндіріс басталды. 

Соңғы жаңалықтар