Б.Сапарбаев 2015 жылдың 10 қаңтарына дейін Калачи және Березов ауылдары тұрғындарының денсаулығын толық тексеруді тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев селекторлық кеңес өткізді, оның барысында Ақмола облысының Калачи ауылы мен Батыс Қазақстан облысының Березов ауылында орын алған келеңсіз жағдай қаралды.

Бұл туралы ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарланды.

Жиынға орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиын қорытындысында Б.Сапарбаев мемлекеттік органдарға 2015 жылдың 10 қаңтарына дейін аталған ауылдардағы тұрғындардың денсаулығын толық тексеріп, атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша ақпарат беруді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, қараша айының соңында Батыс Қазақстан облысындағы Березов ауылында естерінен танған 19 оқушы мен үш ересек адам Ақсайдағы Бөрлі аудандық ауруханасына жеткізілген болатын. Жергілікті тұрғындар оған Қарашығанақтан кен өндіру кезінде ауаға тараған қалдықтар себеп болуы мүмкін деген болжамдарын айтқан еді.

Калачи ауылына келетін болсақ, өткен жылдан бері мұндағы тұрғындар арасында түсініксіз этиологиясы бар энцефалопатия, халықтың арасында «ұйқы ауруы» делінген дерт тіркелді, оның шығу себептері әлі күнге дейін белгісіз.

Соңғы жаңалықтар