Б.Сағынтаев Үкімет үйінде су тасқынына қатысты шаралар бойынша кеңес өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен су тасқынына қатысты шаралар бойынша кеңес өтті.

Кеңес жұмысына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Бүгінде тасқын жағдайы Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының барлық аудандарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының бірқатар аудандарында сақталып отыр.

Тасқын кезеңінің кері зардаптарын болдырмау үшін республиканың барлық аймақтарында ескерту және құтқарушы ұйымдастырушылық-техникалық шаралар өткізіліп жатыр.

Облыстарда су тасқындары кезеңінде 10,37 мың тонна жанар-жағармай, 188 мың тонна инерттік материалдар, 1 млн. 84 мың қап, 89,4 тонна жарылғыш зат дайындалды.

Елді мекендерді су басу қаупі болған жағдайда апаттық-құтқару бөлімшелерінің жалпы саны 23972 адам, 7361 техника бірлігі, жүзу құралдарының 982 бірлігі және 16 тікұшақтан құрылған күш-құрал топтары құрылды.

Кеңес қорытындылары бойынша, Б.Сағынтаев облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп күн сайынғы мониторингті жүргізуді және аталған мәселені тұрақты бақылауға алуды тапсырды, деп жазады primeminister.kz.

Соңғы жаңалықтар