Б. Сағынтаев пен М.Мартина ҚР-дың ДСҰ-ға мүшелігі жағдайында республиканың агросекторын дамытуды талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Италияның Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және орман саясаты министрі Маурицио Мартинамен кездесу өткізді.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми сайтында хабарлады.

Келіссөздер барысында тараптар екі елдің ауыл шаруашылығы саласындағы, АӨК-дегі бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастықты дамытудағы жоғары әлеуетті атап өтті.

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Миландағы ЭКСПО-2015 сәтті өткізгеннен кейін Италияның 2017 жылы Астанада өтетін көрмеге қатысуы маңыздылардың бірі болатындығына сенім білдірді.

Бақытжан Сағынтаев пен Маурицио Мартина сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүшелігі жағдайында республиканың агросекторын дамытуды талқылады.

Соңғы жаңалықтар