Б.Сағынтаев пен И.Шувалов ҚР мен РФ арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды талқылады

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың жағдайын, өнеркәсіп, транзиттік-көліктік және коммуникациялық салалардағы ынтымақтастық, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы маңызды мәселелерді талқылады.

Кездесу қорытындылары бойынша тараптар сауда-экономикалық өзара ықпалдастықтың барлық спектрі бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделілігін білдірді.

Сондай-ақ кездесу барысында Б.Сағынтаев И.Шуваловқа ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевке 24 мамырда Астанада қаласында Астана экономикалық форумының алдында өтетін Халықаралық валюта қорының аймақтық конференциясына шақыру жолданған хатын тапсырды.

ҚР Премьер-Министрі бірінші орынбасарының хабарлауынша, форум Қазақстан Ұлттық банкі және Халықаралық валюта қорының бастамасымен ХВҚ үйлестіруші-директоры Кристина Лагардтың модераторлығымен өткізіледі.

Конференцияның аясында Орталық Азия және Кавказ елдерінің үкімет басшылары экономикалық дамудың басты мәселелері бойынша пікір алмасады.
null null

Соңғы жаңалықтар