Б.Сағынтаев Моңғолияның Президентімен және Премьер-Министрімен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Моңғолияда келіссөздер жүргізді.

Улан-Баторға жұмыс сапары барысында Бақытжан Сағынтаев Моңғолия Президенті Ц.Элбэгдоржпен кездесіп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізге жұмыс сапармен келуге шақыруын табыстады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Келіссөздер барысында тараптар екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жағдайын, экономиканың басымдықты салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Жұмыс сапары аясында Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ Моңғолия Премьер-министрі Ч.Сайханбилэгпен келіссөздер жүргізді.

Соңғы жаңалықтар