Б. Сағынтаев Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысына қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесінің кезекті отырысына қатысты.

Отырысқа қатысушылар Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қызмет етуі, Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) қалыптастыру аясындағы ең көкейкесті мәселелерді қарастырды. Күн тәртібіндегі негізгі тақырып құрылып отырған Еуразиялық экономикалық одақ органдарының ағымдағы жылдың 29 мамырында қол қойылған ЕАЭО туралы Келісімге сәйкес тиімді қызметін қалыптастыруға бағытталған мәселелер болды.

Атап айтқанда, ЕЭК қызметкерлерінің аттестаттауын өткізу, ЕЭК қызметтеріне кандидаттарды кәсіби талаптарды анықтаумен таңдау бойынша байқау комиссиясын қалыптастыру мәселелері бойынша жалпы позициялар шығарылды. Бұл мәселелерді шешу Комиссияның сапалы құрамын қалыптастыру үшін негіз құруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ЕАЭО кедендік заңнамасын жетілдіру бойынша жүргізілген жұмысты одан әрі жүргізу бойынша келісімдерге қол жеткізілді. Бұл бағыттағы басымдықтарға бизнес қызметі үшін процедураларды жеңілдету және тиімді жағдайлар қалыптастыру жатады.

Кеңес отырысының барысында Еуразиялық экономикалық одақтың барлық халықаралық процедураларының сақталуы мен мүше болған мемлекеттердің мүддесін есепке алатын халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртібі талқыланды.

Кеңес ЕАЭО-ның біріктірілген ақпараттық жүйесін құру бойынша екі жылдық шаралар жоспарын мақұлдады. Бұл жоспар интеграциялық процестердің аясында толық және өзекті мәліметтердің берілуін қамтамасыз етеді. Жобаны іске асыру болашақта экономиканың түрлі салаларында қызметті жоспарлау мәселелерінің кең спектрін шешуге көмектеседі.

Бұдан басқа, Комиссия зияткерлік меншік нысандарының құқықтарын қорғау бойынша әрекеттерді үйлестіру туралы келісім жобасын мақұлдады. Бұл жоба ақпараттық өзара әрекеттестікті іске асыру және зияткерлік меншік құқықтарының бұзылмауына көмектесу үшін құқықтық негізді құрайды.

Жалпы алғанда, талқылау қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың өзекті аспектілері бойынша өзара тиімді келісімдерге қол жеткізілді, деп жазады primeminister.kz.

Соңғы жаңалықтар