Б. Сағынтаев ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысымен танысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Астанада Мемлекет басшысының шағын және орта бизнес кәсіпорындарын «Астана ЭКСПО-2017» нысандарының құрылысына қатысуға тартуға қатысты тапсырмаларын іске асыру аясында көшпелі отырыс өткізді.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Көрме кешенінің құрылыс алаңында өткен кеңеске орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшылары, құрылыс ұйымдары мен өңірлік тауар өндірушілерінің өкілдері қатысты.

Бірінші вице-премьер құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысымен және көрме мен ЭКСПО-қалашық нысандарының құрылысы үшін материалдарды жеткізу жағдайларымен танысты. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының мәліметіне сәйкес қазіргі таңда көрме құрылысының бас мердігерлері мен Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тауар өндіруші кәсіпорындарының арасында жалпы сомасы шамамен 3 млрд теңгеге 18 келісімшарт жасалды. Бұдан басқа, ұлттық компания мен Астана әкімдігінің арасында елордалық кәсіпорындардан 50 млрд теңгеден кем болмайтын тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді сатып алу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Кеңесті қорытындылай келе Б.Сағынтаев мемлекеттік органдар мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК»-на ЭКСПО нысандарының құрылысы кезінде отандық тауар өндірушілерді, ШОБ-тытартуға қатысты аймақтармен жұмысты жандандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар