Б.Сағынтаев Бакуде Қазақстан мен Әзербайжанның транзиттік әлеуетін талқылайды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев алдағы аптада Баку қаласында Қазақтан мен Әзербайжанның транзиттік әлеуетін талқылайды. Бұл туралы ҚР-дың Әзербайжандағы Елшілігінің жаңа ғимаратының алдында Қазақстанның мемлекеттік туын көтеру рәсімінде біздің еліміздің Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Исабаев айтты.

Оның айтуынша, Б.Сағынтаев Бакуде Әзербайжан Премьер-Министрі Артур Расизадемен кездесіп, сондай-ақ теңіз кемежайларын, соның ішінде Алят кемежайына барады.

Әзербайжанның Мемлекеттік кеден комитетінің мәліметтеріне сәйкес, Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2015 жылы 116 миллион доллардан асқан.

Соның ішінде, өткен жылы Қазақстанға 18 миллионға жуық доллар сомасына әзербайжандық тауарлар, ал Әзербайжанға 99 миллион долларға жуық сомаға қазақстандық өнім экспортталған.

Соңғы жаңалықтар