Б.Сағынтаев Ақтау теңіз сауда портында жүктердің транзитін ресімдеу барысын жеделдетуді тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Ақтау қаласының халықаралық теңіз сауда кемежайына барып, бір апта бұрын берген тапсырмаларының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Еске сала кетейік, 5 ақпан күні көшпелі кеңес барысында Бақытжан Сағынтаев жүктерді ұзақ уақыт (12 сағатқа дейін) ресімдеу проблемасын атап өтті. Бірінші вице-премьер мемлекеттік органдар мен теңіз кемежайының жұмысындағы тиісті үйлестіктің болмауын атап өтті.

Бұдан басқа, кемежайлар маңындағы аумақтарда ауыр жүк техникасы үшін тұрақтар ашу, жүргізушілер үшін тұрмыстық жағдайлар құру, сондай-ақ автомобиль көліктерімен келіп жететін жүктердің ресімделуін «бір терезе» қағидатымен ұйымдастыру тапсырылған.

«Жүктердің Ақтау кемежайы арқылы өту процедураларын жеңілдету бойынша жол картасына» сәйкес, кеменің келуіне дейін 5 сағат бұрын Ақтаудағы паром кешенінің қызметкерлері мемлекеттік кірістер органдарына тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпарат ұсынады.

Теңіз кемежайында ветеринарлық, фитосанитарлық, санитарлық-карантиндік және көліктік бақылау қызметтерінің тәулік бойы жұмыс режимі ұйымдастырылған. Осылайша, процедуралардан өту уақыты 2,5-3 сағатқа дейін қысқартылды.

Сапар қорытындылары бойынша Бақытжан Сағынтаев кедендік тазарту процестерін жылдамдату және жүктер транзиттерін ресімдеу, үлкен жүк тасымалдайтын техника жүргізушілері үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша процестерді жылдамдату жұмысын жалғастыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар