Б. Сағынтаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің бас орынбасарымен ЕАЭО аясында сауда бөгеттерін алу мәселелерін талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев VIII Астана экономикалық форумы жұмысының екінші күні аясында оның қатысушыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің бас орынбасары Курт Тонг пен Бақытжан Сағынтаев кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясында, сондай-ақ Орталық Азия аймағында сауда бөгеттерін алып, тұтынушыларды қорғау мәселелерін талқылады. Тараптар сондай-ақ «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасының аясында соның ішінде шетелдік компанияларды тартумен болуы мүмкін инфрақұрылымдық нысандарды іске асыруға қатысты пікірлерімен алмасты. Гарвард университетінің профессоры Кеннет С.Рогофф әлемдік экономиканың дамуындағы өзгерістер, сондай-ақ Қазақстанның экономикалық өсім қарқынын сақтап қалуы үшін қабылдауы тиіс тәжірибелік қадамдары туралы пікірін айтты. Кеннет С.Рогофф пен Бақытжан Сағынтаев Астананың AIFC халықаралық қаржылық орталығының болашақтағы жұмысын, қазақстандық бизнесті қолдаудың мемлекеттік шараларын ортаға салды. БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментіндегі экономикалық даму мәселелері бойынша Бас хатшысының көмекшісі Ленни Монтьэль кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың реформалары тұратқы даму принциптеріне сәйкес келетінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл мемлекеттік қызмет реформаларын, сот жүйесінің бейтараптығын көрсетіп, сондай-ақ мемлекетті өздерінің тұрғындары үшін одан да ашық етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар