Б.Байбек құрылыс компанияларына қымбат тұрғын үй салмауға кеңес берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Келер жылы Алматы бюджеті 30 пайызға қысқарады. Бұл туралы бүгін қала әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының жолдауын талқылау барысында айтты.

Қала басшысы Бауыржан Байбек Н.Назарбаев ұсынған дағдарыстың алдын алу стратегиясының басты міндеттерін атап өтті. «Әрине, мына күрделі ахуал жағдайында үнемдеу мәселесі аса маңызды. Біз де қаланың бюджетін қарастырып жатырмыз. Аса маңызды емес жобалар қысқарып, бюджет 20-30 пайызға оңтайландырылады. Естеріңізде болса, қаланың көліктік инфраструктурасын дамыту үшін ЕБРР-ден қарыз алғанбыз. Оған 400 автобус сатылып алынды. Соның қарызын биыл толық жаптық. Келер жылға Алматы қарызсыз кіреді, - деді әкім. Әкім Көкжайлау жобасының тоқтатылғанына байланысты 1,4 млрд теңге ел бюджетіне қайтарылатынын жеткізді. Сондай-ақ, Бауыржан Байбек құрылыс компанияларына қымбат тұрғын үй салмауға кеңес берді. «Сол салынған қымбат үйлердің 60-70 пайызы бос тұр. Керісінше, арзан, әрі жылдам салу керек. «Нұрлы Жол» бағдарламасының арқасында қаншама кезекте тұрған адамды баспанамен қамтыдық. «Ескі баспана» бағдарламасы да жалғасатын болады», - деді Б.Байбек. «Елбасы жолдауы тәуелсіз Қазақстанды осы уақытқа дейін көркейту жолындағы аса маңызды құжат. Жаһандық қауіп-қатерлерді ескерсек, жолдаудың азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз етуде орны ерекше. Әсіресе, жәрдемақыны көтеру туралы тапсырмасы көпшілік көкейіне сенім ұялатты», - деді қала әкімі сөзінің қорытындысында.

Соңғы жаңалықтар