Азық-түліктің шекті бағасын бақылау туралы үш министрліктің бірлескен бұйрығы күшін жойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасы туралы үш министрліктің бірлескен бұйрығының мерзімі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына сәйкес енгізілген төтенше жағдай аяқталды.

«Осыған байланысты, Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай кезеңінде ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 63-НҚ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 113 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 23 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы» бірлескен бұйрығы күшін жойды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға бағаның өсуіне жол бермеу үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағаларын тұрақтандыру бойынша қолданыстағы құралдар пайдаланылады», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар