Азық-түліктің қымбаттауына не ықпал етті – министр жауабы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин азық-түлік бағасын тұрақтандыру туралы тілшілер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арамызда өтірік болмасын. Мен баға тұрақты болады деп айтқан емеспін. Біздің мақсатымыз – бағаның өсу серпінін тоқтату. Баға тұрақты болу үшін өзімізді азық-түлікпен қамтамасыз етіп, азық-түлік қауіпсіздігін жоғарылату керек. Қазір азық-түліктің 40%-ы Ресейден жеткізіледі. Бұрын 1 рубль 4 теңге болса, қазір ол 8 теңге болды. Ресейдегі азық-түлік инфляциясы – 15%. Баға қалай тұрақтайды», - деді Сауда министрі Үкімет кулуарында.

Сонымен бірге, С. Жұманғарин жаңа жыл қарсаңында баға аспандап кетпей ме деген сұраққа жауап берді.

«Аспандап кетпейді. Бірақ сізге (баға – ред.) тұрақты болады деп уәде бере алмаймын», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар