Азық-түліктің қымбаттауы: Асқар Мамин шенеуніктерді жауапқа тартуды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин азық-түлік бағасының өсуіне жол берген бірқатар шенеунікті жауапкершілікке тартуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мүдделі мемлекеттік органдар қатарынан жұмыс тобын құрып, бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша қысқа және орта мерзімге арналған нақты шаралар әзірленсін. Роман Скляр жұмыс тобын басқаруды сізге тапсырамын», - деді Асқар Мамин орынбасарына қарата.

Сонымен қатар ол Премьер-Министрдің Кеңсесіне 3 күннің ішінде азық-түлік тауарларына баға өсімінің алдын алуға жауап беретін Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика, Сауда және интеграция вице-министрлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізуді тапсырды.

«Шымкент және Алматы қалаларының, Қызылорда, Түркістан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының әкімдерінің орынбасарларын белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартып, Үкіметті хабардар етсін», - деді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар