Азық-түліктің қымбатшылығы: Қанша сауда нысаны баға ережесін бұзған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға арналған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Агенттік баға өсіміне қатысты бірқатар экономикалық объективті факторларға қарамастан, монополияға қарсы әрекет етуге арналған кешенді шешім қабылдады. Жыл басынан бері нарық субъектілеріне 50 заңбұзушылық туралы ескерту жіберілді. Оның ішінде жұмыртқа бойынша – 19, күнбағыс майы – 11, қант – 11, қарақұмық – 4, сүт өнімдері – 2, құс еті – 2 және рожки-1 хабарлама», - делінген С. Жұманғариннің депутат сауалына жауабында.

Сондай-ақ, 77 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілермен баға ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында монополияға қарсы күрес келісімі жасалды.

«Жоғарыдағы ескерту жіберілген тауар өндірушілердің ішінде 49-ы жұмыртқа, қант және қарақұмық бағасын 5-тен 10 пайызға дейін төмендететінін жария етті. Нәтижесінде егер жыл басынан бері тауарлардың апта сайынғы бағасының көтерілуі 0,5 %-ды құраса, хабарламадан соң баға өсімі 0-0,2%-ға төмендеді» - дейді ол.

Бұған дейін агенттік басшысы биыл елімізде қандай азық-түлік бағасының өскені туралы айтып берді.


Соңғы жаңалықтар