Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Азық-түлікті жеткізу желісі бұзыла берсе, әлемде миллиондаған адамның өміріне қауіп төнеді - Тоқаев

2022 жылғы 24 маусым 20:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейлі диалогына қатыса отырып, соңғы бірнеше айда әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кеткенін, егер азық-түлік жеткізу желісінің бұзылуы жалғаса берсе, миллиондаған адамның өміріне қауіп төнетінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік даму жөнінде айта келе, қазір дүниежүзі бұрын-соңды болмаған геосаяси және экономикалық тұрақсыздықпен бетпе-бет келіп отырғанына назар аударды.

«Соңғы бірнеше айда әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті. Егер азық-түлік жеткізу желісінің бұзылуы жалғаса берсе, миллиондаған адамның өміріне қауіп төнеді. Бүгінде әлемдегі ең ірі азық-түлік өндірушілердің төрттен үші БРИКС елдері және осы Ұйымға мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы бойынша жалпы ішкі өнімі бүкіләлемдік өнімнің жартысынан астамын құрайды», – деді Қазақстан Президенті.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейлі диалогына онлайн форматта қатысқанын жазған едік.

Автор:

Ербол Жанат

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар