Азық-түлікті арзандату үшін 1300-ден астам тауарға кедендік баж алынып тасталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ресей мен Беларуське қатысты қабылданып жатқан шектеу шараларын ескере отырып, еуразиялық әріптестермен бірлесе дағдарысқа қарсы шаралар тізбесі бекітілді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Ресей мен Беларуське қатысты қабылданып жатқан шектеу шараларын ескере отырып, еуразиялық әріптестермен бірлесе дағдарысқа қарсы шаралар тізбесі бекітілді. Нарықты қажетті азық-түлікпен қамту және бағаның өсуін тежеу мақсатында импорттың 1300-ден астам тауарына кедендік баждар алынып тасталды. Сонымен бірге, Иранмен еркін сауда аймағы туралы келісім 2025 жылға дейін ұзартылды. Ол қазақстандық экспортты 9,3%-ға, яғни 282,7 млн долларға дейін өсіруге мүмкіндік береді», - деп тоқталды Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, еркін сауда аймағы туралы келісімді Индонезия және Біріккен Араб Әмірлігімен жасау жоспарланып отыр. Оған сәйкес, болжамды экспорттық өсім 1 млрд доллардан асады. Бұдан өзге вице-премьер алдағы уақытта серіктес елдермен көліктік-логистикалық маршруттарды дамыту бойынша жұмыстар атқарылатынын атап өтті.

Бұған дейін министр елдің Өзбекстанмен арадағы шекарасында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы құрылып жатқанын мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар