Азық-түлікті әлі де көп импорттаймыз – Сарапшы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Атамекен» ҰКП АӨК және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев азық-түліктің қымбаттауына жол бермеу мақсатында қандай шаралар қабылдау керегін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елде белгілі бір дисбаланс бар. Біз әлі күнге дейін көптеген азық-түлікті импорттап отырмыз. Әрине, импорт болғандықтан, өнім валютаға сатып алынады, ол доллар бағамына тікелей байланысты. Мәселен, тоннасы 200 мың теңге болатын өнімдерді шамамен 5 млрд долларға экспорттаймыз. Бұл ретте шетелдік өнімді тоннасына 300 мың теңгеден импорттаймыз. Яғни, импорт алмастыру мәселесін шешу керек деген сұрақ туындайды», - деді Ербол Есенеев Jibek Joly телеарнасының эфирінде.

Оның айтуынша, Қазақстанға артық өнімдер бойынша өндірісті ұлғайту қажет.

«Шын мәнінде, өз өндірісімізді бірнеше есе ұлғайтуға және артық азық-түлік өндірісіне шоғырлануға барлық мүмкіндік бар. Мысалы, алма жемісін алайық. Тұтынушы ретінде бағаның қандай корреляциясы болса да, алма іс жүзінде бірдей бағада қалады. 10 жыл бұрын алманың құны 350 теңге болса, қазір тұтынушы оларды шамамен 500 теңге сатып алуда. Мұның бәрі артық өндірістің арқасы. Яғни, мемлекет жағдай жасады. Қазақстанда соңғы бес жылда отандық алма өндірісі 40%-ға өсті. Қазір импортқа тәуелді өнім түрлері – қант, сүт өнімдері қымбаттап жатыр», - деді Е.Есенеев сұхбатында.


Соңғы жаңалықтар