Азық-түлік, жанар-жағар май, такси бағасы бақылауға алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баға өсіміне қатысты өтініштерді қабылдау үшін Қазақстанның барлық өңірінде «жедел желі» ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандықтар ірі сауда желілері мен супермаркеттердегі әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдеріне, сондай-ақ газ, бензин, дизель отынына, такси қызметтері мен агрегаторлар қызметтеріне бағаның жоғарылау фактілері туралы хабарлай алады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы тамақ өнімдері бойынша «жедел желі»:

8 778 668 1841, 8 775 592 6169,

8 (7172) 75-04-65, 74-27-38

Нұр-Сұлтан қаласындағы сұйытылған мұнай газы, бензин, дизель отыны, такси қызметтері мен агрегаторлар қызметтері бойынша «жедел желі»:

8 (7172) 74 99 14, 74-96-64, 74-34-01, 74-31-26, 74-90-52

Өңірлердегі «жедел желі»:


Алматы қаласы мен Алматы облысында байланыстың тұрақсыздығына байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы телефон номерлеріне хабарласу қажет.

«Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өз тарапынан нарық субъектілеріне бағаларды белгілеу және ұстап тұру (бағалық сөз байласу), тауар өндіруді не өткізуді негізсіз шектеу, сондай-ақ тауарға жасанды тапшылық жасау бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабы бойынша сараланатынын, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері үшін монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған түсімнің – 3%, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 5% мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеді», - делінген ведомство хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар