Азық-түлік корпорацияларына бюджеттен 70 млрд теңге бөлінуі мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Азық-түлік корпорациясының жарғылық капиталына бюджеттен 70 млрд теңге бөлуді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Маңызды мәселе - көктемгі науқанды оңтайлы уақытта өткізу. Бұған мемлекет қабылдаған іс-шаралар, оның ішінде азық-түлік корпорацияның форвардтық сатып алуы ықпал етеді. 2020 жылы осы мақсатқа бюджеттен 24,5 млрд теңге бөлінді. Кейінгі жылдары бағдарламаны қаржыландыру ұлғайды. Бұл ретте Азық-түлік корпорациясының қаражаты есебінен толық жүзеге асырылды», - деді ол бүгін Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, корпорация қолда бар қаражат есебінен жалпы сомасы шамамен 31,5 млрд теңгеге көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуді қаржыландырудың 2 тетігін пысықтауда.

«Бірінші - өңірлердің өтініштерін ескере отырып, қаражатты пайдаланғаны үшін комиссияны қолданбай, 20 млрд теңге сомасында қарыз қаражаты есебінен көктемгі-жазғы қаржыландыру. Екінші - тауарлық несие беру негізінен ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге олардың астықты сату және кейіннен 11,5 млрд теңге сомасына көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру. Көктемгі науқанды форвардтық сатып алу арқылы қаржыландыру сомасын ұлғайту үшін Азық-түлік корпорациясының жарғылық капиталына бюджеттен 70 млрд теңге бөлу ұсынылады», - деді Ербол Қарашөкеев.

Оның атап өтуінше, ол үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тұжырымдамасына өзгерістер енгізіледі. Аталған тұжырымдамада тиісті іс-шара көзделетін болады.


Соңғы жаңалықтар