Азық-түлік келісімшарт корпорациясы биылғы астықты сатып алу бағасын белгіледі

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Азық-түлік келісімшарт корпорациясы биылғы астықты сатып алу бағасын белгіледі. 3-класты бидайдың тоннасы ақуызына қарай 121-125 мың теңге аралығында сатылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ биылғы жылдың астығына форвардтық келісім және тікелей сатып алу бағасын жариялады. 3 класты бидайдың тоннасы сапасына қарай ҚҚС есептегенде 121-125 мың теңге аралығында тұрмақ.

4 класты бидай ҚҚС қоса есептегенде 115 мың теңгеге, 5 класты бидай 98 мың теңгеге бағаланған.

2 класты арпаның тоннасы 95 мың, сұлы 90 мың теңге және қарақұмықтың тоннасы 170 мың теңге болып бекітілді.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясында бұл деңгейдің нарықтық бағаға жақындатылып алынғанын айтты.

Ал қатты бидайдың, күнбағыстың, майлы зығыр дәнінің және рапстың бағасы сәл кейінірек белгілі болмақ.

Былтыр елдегі қуаңшылыққа байланысты бидай бағасы бірден 25%, арпа 75% қымбаттады. Осылайша 3-класты бидайдың тоннасы 103-107 мың теңге аралығында сатылды. Ал 2 класты арпа ҚҚС-мен бірге 87 мың теңгеге бағаланды.

СҚО-да егін орағы аяқталуға жақын. Биыл өңір диқандары 4,4 млн га дәнді дақылдар екті.

Болжам бойынша жылдағы межеден көрініп, қамбаға 5 млн тонна астық құймақ. Бүгінде гектарынан 12,7 центнерден бидай алынып жатыр. 164 мың гектар алқаптың майлы дақылы орылды. Егін жинау науқанына барлығы 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн, 4,5 мың дестелегіш және 5 мыңнан астам жүк көлігі жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар