Азық-түлік бір айда қай өңірде көп қымбаттады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Азық-түлік бір айда қай өңірде ең көп қымбаттады? Қай өңірде инфляция жоғары? Бұл сұрақтарға Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары айлық инфляция қараша айында Ақмола облысында тіркелді – 2% (республикалық деңгей – 1,4%)
Азық-түлік тауарларыбір айда қатты қымбаттаған өңір – Ұлытау облысы – 2,4%, республикалық деңгейден төмен көрсеткіш Маңғыстау облысында – 1%.
Қараша айында азық-түлікке жатпайтын тауарларАқмола облысындаең көп қымбаттады – 2,4%. Ал ақылы қызметтер бойыншабағаның ең үлкен өсімі Маңғыстау облысында тіркелді – 2,1%. Бұл ретте ақылы қызметтер Қостанай облысы (0,3%) және Алматы қаласында (0,1%) арзандады.
Азық-түлік тауарларының ішінде нан-тоқаш өнімдері мен жармалар Шымкентте 2,2%, Жамбыл облысында 2,2%, ет және ет өнімдері Солтүстік Қазақстан облысында – 2,5%, майлар Ұлытау облысында 3%, жеміс пен көкөніс Астанада 7,7% қымбаттады.


Соңғы жаңалықтар