Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қандай жұмыс атқарылып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауда және интеграциялар министрі Бақыт Сұлтанов «Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қандай жұмыс атқарылып жатыр?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бағаны реттемейміз және ұстап тұрмаймыз. Мұндағы мәселе азық-түлік және тағамдық қауіпсіздіктің бірнеше көрсеткіштерін уақытылы қамтамасыз ету болып отыр. Әрине, ең алдымен, бұл тауар болуы керек. Сосын объективті баға мен тиісті сапа болуы керек. Барлық осы параметрлер бойынша жұмыс істейміз. Әрине, біздің өндірушілердің өнімді уақытында алуына, белгілі бір өнімді жасау мүмкіндігіне байланысты функционал бар. Өткен жылы біздің өндірушілерде қырыққабатпен, биыл пиязбен проблема болды. Бұл жердегі мәселе – мемлекеттік органдар тарапынан дұрыс ақпараттандыру болмаған», - деді Сауда министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, форвардтық келісімшарттар мен айналым схемасы мәселелерін уақытылы арттыру үшін жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жүріп жатыр.

Бұл сауда желілері мен кәсіпкерлерге күзде жеткізілім көлемін және баға бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін алдын ала қаражат алуға мүмкіндік береді.

«Экспортқа тыйым салу құралдары да қолданылуы мүмкін. Бұл мәселелерді қажетті бағыттар бойынша ведомствоаралық комиссия қарайды. Өнімді ел ішінде уақытында бөліп, өткізуді қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жүруде. Тұрақтандыру қоры бойынша нақты көлемдер бар. Олардың да әрдайым жеткілікті бомлайтыны түсінікті, тұрақтандыру қорларының жалпы көлемін айтсақ, олар нарықтың 2-3%-ын ғана жабады және үнемі тиімді әсер ете алмайды», - дейді Бақыт Сұлтанов.

Бұған дейін министр картоп пен сәбіз бағасына қатысты болжамын айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар