Азияның 24 мемлекетінен 300 балуан Астанаға келе жатыр

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – 9-14 сәуір аралығында Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өтетін 36-шы Азия чемипонатына құрлықтың 24 елінен 300-ден астам балуан қатыспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті.

«9-14 сәуір аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында күрес түрлерінен осымен 36-шы Азия чемпионаты өтпек. Бұл жарысқа Азия құрлығының 24 мемлекетінен 300-ге жуық спортшының қатысуы жоспарланып отыр. Олардың арасында Олимпиада ойындарының 7 жүлдегері, Әлем чемипионаттарының 5 жеңімпазы қатысады. Сондықтан, дүбірлі дода болайын деп тұр. Негізі бұл – Азия чемпионаты, лицензиялық турнир емес. Бірақ, Азия ойындарының алдындағы, Әлем чемпионатының алдындағы негізгі жарыстардың бірі болып есептеледі», - деді комитет өкілі.


Соңғы жаңалықтар