Азиядағы ең бай адамның есімі белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық ірі Alibaba Group Holding Ltd. ғаламтор-холдингінің негізін қалаушы Джек Ма Азияның ең бай адамы атанды. Bloomberg-тің хабарлауынша, оның байлығы 28,6 млрд. долларды құраған.

1999 жылы ғаламтор саудасы бойынша компанияның негізін құраған ағылшын тілінің бұрынғы оқытушысы ағымдағы жылы 25 млрд. доллар табыс тапқан. «Alibaba» акцияларының биылғы жылдың қыркүйегінде алғаш рет шығарылуы уақытынан кейін холдингтің капиталдандырылуы 259 млрд. долларды құрады. Бұл жағдай оны ғаламтор коммерциясы саласында әлемдегі ең бай компания етті. Джек Ма дәулетінің жартысынан көп бөлігі - 16,3 млрд. доллар оның Alibaba-дағы акцияларына келеді.

Бұған дейін Азияның ең бай адамы болып дәулеті 28,3 млрд. долларға бағаланатын Гонконг миллионері, 86 жастағы Ли Кашин саналып келген еді. Ол Bloomberg агенттігінің бұл рейтингінде 2012 жылдың сәуірінен басты орын алған.

Соңғы жаңалықтар