Азияда саяси партиялар аймақтық дау-дамайды тоқтатуда елеулі рөлге ие болуға айтарлықтай жетілді - Хосе де Венесиа

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Барлық даулы аймақтарда татуластыру жолдарын іздестіру басты мақсаттардың бірі.  Бүгін елордада өтіп жатқан Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясының 5-ші Бас Ассамблеясында  сөз сөйлеген АСПХК-ның тең төрағасы Хосе де Венесиа осылай мәлім етті,

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Азиялық саяси партиялар халықаралық конференциясының Бас Ассамблеясының беделі артып, дами түскеніне тоқталған ол, «континенттегі 45 елден 200-ден астам басқарушы  және оппозициялық саяси партияларды таныстырып отырмыз. Біз барлығымыз кез келген қалыптағы саяси экстремизмге, кемсітушілікке, қатыгездікке қарсымыз. Сондықтан біз саяси шешімдердің барлық проблемалары бойынша біз таныстырып отырған елдердің ішкі және өзара мемлекеттік мәселелерінде келіссөздер жүргізуді талап етеміз», деді.

Осы орайда Хосе де Венесиа Азиялық барлық даулы аймақтарда татуластыру жолдарын іздестіру басты мақсаттардың бірі екенін атап өтті.

 Әлемдік қаржы дағдарысын еңсеру, бейбітшілік, сондай-ақ экологиялық ахуалды жақсартудағы ортақ іс-қимылдар мәселелеріне тоқталған ол, «Азияда саяси партиялар аймақтық дау-дамайды тоқтатуда елеулі рөлге ие болуға айтарлықтай пісіп, жетілді», деді.

Соңғы жаңалықтар