Азия рейтингі: Қазақстандық жеңіл атлеттер үздік бестікке енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жеңіл атлеттер Азия рейтингінде үздіктер қатарына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтынасілтеме жасап.

Атап айтар болсақ, 2018 жылғы жазғы маусымның Азия рейтингінде  ел спортшылары үш қарғып секіру, биіктікке секіру, 100, 200, 400 және 800 метрге жүгіруде алғашқы алтылықтан көрінді.  

Ал Азия ойындарында 14.26 метрге секірген Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден рейтингте көш бастап тұр. Ол тап осындай көрсеткішпен Остравада өткен Құрлықтық кубокте күміс жүлдеге қол жеткізген еді. Сондай-ақ тағы бір қазақстандық спортшы Ирина Эктова рейтингте үшінші орында тұр. 

Виктория Зябкина екі бағдарлама бойынша үздіктер сапында.  Ол 100 метрге жүгіруде - үшінші, 200 метрге жүгіруде екінші орында тұр. 

Сондай-ақ рейтингке Маргарита Мукашева (800 метр), Элина Михина (400 метр) және Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру) енді. Михина - төртінші, Дубовицкая бесінші сатыда. 

ФОТО: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар