Азия рекордын жаңартқан Мария Дмитриенко жүлдесіз қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарынында стенд атудан Азия рекордын жаңартқан Мария Дмитриенко жүлдеге ілікпеді,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-нің баспаөз қызметі мәлім еткендей, ол шешуші сәтте мүлт кетіп, қажетті ұпайды жинай алмады.

«Трап» бағдарламасы бойынша финалдық кезеңге алты елдің спортшылары өткен болатын. Мария Дмитриенко екі іріктеу айналымында да көш бастап, финалға бірінші орынмен шықты.

Одан бөлек, біздің спортшымыз 119 ұпай жинап, Азия ойындарының рекордын жаңартқан еді.

Өкінішке қарай, ақтық сында Мария қателікке бой алдырып, жүлдегерлер қатарына ілінген жоқ.

Бұл бағдарлама бойыншы алтын медалді Қытай спортшысы, күміс жүлдені Оңтүстік Корея спортшысы жеңіп алса, қола медалді Ливан спортшысы қанжығасына байлады.

Соңғы жаңалықтар