Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.05 EUR 428.25
RUB 5.84 CNY 54.65
Jańalyqtar

Пара Азия ойындары: Еліміздің қоржынында 9 жүлде бар

2018 жылғы 9 қазан 01:36 1110
Бөлісіңіз:
Пара Азия ойындары: Еліміздің қоржынында 9 жүлде бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жакартада өтіп жатқан ІІІ Азия пара ойындарының екінші күнгі нәтижесі бойынша Қазақстан қоржыны тағы 7 медальмен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Индонезиядағы пара ойындардың екінші күні спортшыларымыз 4 күміс және 3 қоланы қанжығаларына байлады. Алғашқы күмісті парапауэрлифтинг бойынша 54 келі салмақта Давид Дегтярев иеленсе, кейінгі үш күмісті Зүлфия Габидуллина (50 метрге арқамен жүзу), дзюдодан Азамат Тұрымбетов және 100 метрге еркін жүзуден Дмитрий Ли еншіледі.


Қола медальдарды Сиязбек Далиев (50 метрге арқамен жүзу), Мансұрбек Ибрашев (100 метрге еркін жүзу) және 50 келіге дейінгі пара пауэрлифтингтен Гүлбану Әбдіхалықова олжалады.
Еліміздің қоржынына алғашқы медальды парапауэрлифтингтен Алина Солодухуна (қола медаль) мен пара жүзуден Дмитрий Ли (қола медаль) тарту еткен болатын. 
Осылайша Қазақстанның қоржынында пара ойыннан 4 күміс және 5 қола барлығы 9 медаль бар.
Айта кетейік, ІІІ Азия пара ойындарына әлемнің 43 елінен, 3 мыңнан аса спортшы қатысуда, Қазақстаннан осы жолғы пара ойындарға рекордты көлемде спортшы апарды, атап айтқанда 9 спорт түрінен 91 спортшы.
Еске салсақ, пара ойындардың тікелей көрсетілімін Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Азиада,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT